Күдіктену, қауіптену, сезіктену, күмәндану, шүбәлану, дүдәмалдану, кәдіктену

lat: Kúdiktený, qaýiptený, seziktený, kúmóndaný, shúbólaıý, dúdó- maldaný, kediktený svıl.

Әлденеден секем алып, шүбә келтіру, қауіп ойлау. Сұлтанбек күдіктеніп ойға қалса да, өзі бастап әңгіме айта алмады (М. Әбдіхалықов). Балзия үйдегілердің қауіптенетінін түсіңкі қабағымен сездіріп, үйге қарай иегімен ым қақты (С. Омаров). Әйелінің дертінен шошып қалған жүрегі сезіктеніп, ауруханаға қорқып барды (Н. Ғабдуллин). Мұғалиманы көргенде, өз көзіне өзі сенбей, оған ойлана, күмендана қарады (Ж. Жұмаханов). Абайдың аты аталғанда оның сөзіне ешкім шүбәланбайды (С. Талжанов). Енді мына беткейге тартып шыға алар ма екен деп дүдәмалданып жүр едім, жақсы кезіктіңдер (Б. Соқпақбаев). Той күні түнде Жәніш екеуміздің сыртта оңаша тұрғанымыздан кәдіктеніп қалған сияқты (3. Шүкіров).